Бірінші мамыр - татулық пен бірліктің мерекесі. Дәл осы күні 24KZ арнасында мерекелік телемарафон өтеді. Аймақтар мен шетелдердегі тілшілер елордадағы жылжымалы студия және жаңалықтар қызметі алты сағат бойы тікелей эфирде хабар таратады. 30 жыл бұрын құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының тарихына қысқаша шолу жасалып, Ассамблеяның 34-сессиясында Мемлекет басшысы тапсырған міндеттер жайында сөз қозғалады. Түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі, мәдениеті, өнері мен тыныс-тіршілігі туралы кеңінен баяндалады. Тележоба таңертең сағат 9:00-дан 15:00-ге дейін жалғасады.