5 мамырдан бастап «Хабар» арнасында жаңа жоба – «КешREC» көрерменге жол тартады. Бағдарлама жұмыс күндері дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 22:00-де эфирге шығады.
Қызыққа толы жоба барысында қазақстандық өнер адамдарына тек жүргізуші ғана емес, көрермендер де тікелей хабарласып, шынайы сұрақ қоя алады. Танымал тұлғалар туралы тың ақпаратты жаңа бағдарламадан көре аласыздар.
Алмас Тоғай, «Хабар» арнасының тележүргізушісі
- Опера әншісі келсе, біз оған рок айтқызатын шығармыз. Эксперименттер де болады. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшеліктері – 100 пайыз еркіндік. Қазір бізде қызу дайындық жүріп жатыр. Қай жоба болмасын, оны әзірлеу, эфирге шығару — үлкен еңбек пен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан сіздерден бір ғана өтініш: «Хабар» арнасын қосулы болсын.