Жоба қан майданға аттанған қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығына арналған. Соның ішінде бейбіт күнге жету үшін аянбай ел қорғаған ерлердің соғыста шыңдалған қайсарлығымен қатар, отаншылдығы, бауырмалдығы, достығы суреттеледі. «Фронтовое братство» фильмінің сценарий авторы – арнаның продюсері Дәулет Ислямов. Ал деректі туындыны дыбыстаған – Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Батырхан Сағидолла. Бұл қоңыр үнді сарбаздың бала күнгі арманы еді. Оны іске асырған «Хабар» арнасына сардар алғысын айтты. Ал фильм Астана мен Алматыда түсіріліп, оған кәсіби актерлар мен каскадерлар қатысқан. Туындыны 9 мамыр күні арнамыздан көре аласыз.