Бүгіннен бастап «Хабар» арнасында жаңа «КешREC» жобасы көрерменге жол тартады. Қызыққа толы бағдарлама барысында қазақстандық өнер адамдарына тек жүргізуші ғана емес, көрермен де тікелей хабарласып, шынайы сұрақ қоя алады. Бағдарлама жүргізушісі – Алмас Тоғай. Алғашқы хабардың қонақ кім? Әңгіме не жайында өрбиді?
Танымал тұлғалар жайлы тың мәліметтер мен қызықты ойындарды біздің арнадағы жаңа бағдарламадан көре аласыздар.
Жәмилия Каримбаева, бағдарламалар өндірісі бөлімінің басшысы:
- Бүгін бізде бірінші қонақ - Өнер Қырандары. Олардың сіздерге дайындап келген үлкен сыйы бар. Одан бөлек, алда отандық және әлемдік аренада, сахнада жүрген күтпеген қонақтар болады. Саясатта, спортта немесе кинода, өнерде жүрген жандар болуы мүмкін. Сіздерге қызықты, айтары бар тұлғаларды студияға шақырамыз.
Бағдарламаның артында 100-ге жуық адам еңбек етеді. Сценаристер мен продюсерлер танымал тұлғалардың жаңа қырларын ашуға тырысады. Ал студияда «Лимон» бэнд әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Құрметті көрермендер сұрақ қойып, қызықты ойындарға да қатыса алады.
Қаламқас Андасбекова, продюсер:
-Сонымен қатар тікелей эфирде 30-ға жуық көрермен біздің тікелей эфирдегі бағдарламаны студиямызда тамашалауға мүмкіндігі болады. Қонақтардың өзіне әр бағдарламада көңіл бөлінеді. Күнде белсенді келген қонақтарымызға сыйымыз да бар. Біздің әріптестеріміздің де күтіп жүрген бағдарламаларының бірі. Жалпы дайындық қызу.
«ОйнаIQ» бағдарламасының жүргізушісі Алмас Тоғай енді «КешREC» жобасында да көрерменмен қауышады. Қауырт күннен кейін сүйікті тележүргізушілеріңіз дастархан басында отырған сіздерге жақсы көңіл күй сыйлауға дайын.
Алмас Тоғай, «Хабар» арнасының тележүргізушісі:
-Екі жобадада бармын. Екі жобада жалғаса береді. Телемаусымның бірінші маусымы аяқталғанға дейін біз эфирдеміз. Шілде айына дейін 40-қа жуық эфир. 40-қа жуық эфирдің ішінде бір ғана адам келіп отырмайды ғой, оның ішінде топ болып келетіндері бар. 200 адам бола ма, 300 адам болады ма? Қанша адам болса да біз қуаныштымыз.
«КешREC» бағдарламасын жұмыс күндері, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 22:00-де Хабар арнасынан көріңіздер. Хабарда болайық!