БАҚ қызметкерлері күні мен «Хабар» агенттігінің 30 жылдығы: бірлік, құрмет және алғыс мерекесі

БАҚ қызметкерлері күні мен «Хабар» агенттігінің 30 жылдығы: бірлік, құрмет және алғыс мерекесі
  • 39
  • 30.06.2025, 19:43

Жыл сайын 28 маусымда елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл журналистердің, операторлардың, редакторлардың және медиа саласында еңбек етіп жүрген барша мамандардың кәсіби мерекесі. Бұл күн тек жанкешті еңбегі үшін алғыс білдіру ғана емес, елдің түкпір-түкпіріндегі әріптестерді жылы әрі құрметке толы ортада біріктіруге мүмкіндік.

2025 жылы бұл мереке «Хабар» Агенттігі үшін ерекше маңызға ие болды, өйткені медиа холдинг өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. 30 жыл - сенім, кәсіпқойлық және қоғамға қызмет ету жолындағы табанды еңбектің шежіресі. Осы уақыт ішінде команда бұқаралық ақпарат құралдарының күн тәртібін қалыптастырып келді.

ЖАНҒА ЖАҚЫН МЕРЕКЕ: «ХАБАР» БАҚ КҮНІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТТІ

Мерейтой мен кәсіби мерекеге орай Астанада еліміздің барлық өңірлерінен келген «Хабар» қызметкерлерінің басын қосқан бірқатар іс-шаралар өтті. Соның ішінде есте қаларлық сәттердің бірі – орталық кеңсе мен аймақтық редакциялардың командаларын біріктірген ұжымдық тимбилдинг болды.

Ашық ауада белсенді демалыс, спорттық және зияткерлік жарыстар, шығармашылық тапсырмалар мен жүлделер ұтысы – барлығы да шынайы қарым-қатынас пен командалық рухқа толы. Ерекше қызығушылық тудырған сәт – мұз кесегінің ішіне жасырылған символикалық «алтын батырманы» табу квесті болды. Бұл - ортақ мақсат пен кәсіби өсудің көркем метафорасы.

ҚЫЗМЕТТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Агенттіктің  30 жылдығында  «Хабар» қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін дәстүрлі түрде жоғары мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды. Бұл марапаттар – ұжымның кәсіпқойлығының, ісіне адалдығы мен жылдар бойғы еңбегінің айғағы.

2025 жыл «Құрмет» орденімен – 1 қызметкер, «Ерен еңбегі үшін» медалімен – 5 қызметкер, «Шапағат» медалімен – 1 қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ  Агенттік ұжымы отандық телеарнаны дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысына ие болды. Бұл – «Хабардың» Қазақстандық журналистиканы қалыптастырудағы және нығайтудағы рөлін жоғары бағалаудың көрінісі.

Салалық марапаттар арқылы медиа холдингтің үздік өкілдері кәсіби деңгейін тағы бір дәлелдеді. Олардың қатарында:

–  Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы - 1 қызметкер,

– «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – 5 қызметкер,

– Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы – 3 қызметкер,

– Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты – 10 қызметкер.

Бұл жетістіктер – отандық теледидарды дамыту, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды көрсету және ақпарат кеңістігінің алдыңғы қатарында болу миссиясымен біріккен команданың нәтижелі еңбегі.

ЖАҢА ҮЙ – ЕҢБЕККЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

Мереке аясындағы маңызды сәттердің бірі медиа қызметкерлеріне көрсетілген әлеуметтік қолдау болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баспанасы болмаған журналистерге, бейнематериал өңдеушілерге, операторларға және басқа да мамандарға пәтер сертификаттары табысталды. «Хабар» агенттігінің 10-нан астам қызметкері көптен күткен өз үйінің кілтін алды.  Бұл олардың еңбегіне көрсетілген шынайы қамқорлық пен құрметтің белгісі болды.

БОЛАШАҚ БІРЛІКТЕ ҚАЛАНАДЫ

30 жыл – бұл тек өткеннің шежіресі емес, сонымен бірге жарқын болашаққа нық қадам. «Хабар» Агенттігі жаңа форматтарды енгізіп, сапа деңгейін көтеріп елдің медиа саласына үлгі болу үшін  дамуын жалғастыруда.