Арнамызда жаңа жоба! «Хабар» Агенттігінің 30 жылдығы аясында «Жекпе-жек. Айтыс» телевизиялық жобасы көрерменге жол тартпақ. Жобаға қазақтың үздік 16 ақыны қатысады. Қыркүйек айынан бастап, әр сенбі эфирге шығатын бағдарламаның жеңімпазы жыл соңында белгілі болады. Жүзден жүйрік шыққан суырып салма ақынға демеушілер тарапынан автокөліктің кілті де дайын тұр. «Жекпе-жек. Айтысын» танымал ақын Аманжол Әлтай жүргізсе, Жүрсін Ерман қазылық етеді. Бұл жоба біздің арнамызда 20 жылдан астам уақыт бұрын көрерменнің ықыласына бөленген айтыстың ізбасары, дегенмен жаңашылдығы да аз емес.
Кемелбек Ойшыбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:
-Телевидения болғаннан кейін, әрине шоудың элементтерін қосып жатырмыз. Айтыстың рәсімдеріне джаз бэнд қатысады, мысалы, жүлделерді табыстаған кезде джаз бэнд қатысып отырады. Сонымен қатар біздер әрине бұл айтыс болғаннан кейін студияға келіп, тамашалаңыздар деп көрермендерді шақырып жатырмыз. Сондай ерекшеліктері өте көп. Бірақ ең маңыздысы ең мықты айтыскерлер қатысатын жоба.