Телевизиядағы еңбек жолын осыдан 25 жыл бұрын «Хабар» арнасындағы «Біздің көшенің тұрғындары» атты бағдарламадан бастаған Юлия ханым бүгінгі күні де шығармашылық ізденістен қол үзбей келеді. 2006-2012 жылдар аралығында ол «Хабар» арнасының күндізгі және қорытынды жаңалықтарының тұрақты жүргізушісі ретінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мұнан кейін де «24kz» арнасында «Жаһандағы саясат» және «Ел не дейді?» сияқты қоғамдық-саяси бағдарламаларды жүргізіп, медиа кеңістікте өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Қазіргі таңда Юлия Кушнарева – «Хабар» агенттігінің Интернет жобалар департаментінің шеф-редакторы. Көпжылдық тәжірибесі мен кәсібіне адалдығының арқасында ол бүгін де «Хабар» мен «24kz» арналарының дамуына сүбелі үлес қосып келеді.