Арнамызда «Хабар» майталмандарымен бір ай науқаны жалғасады. Агенттіктің дамуына үлес қосқан кәсіби маманның бірі – Ринат Кертаев. Ол 2000 жылдардың басында «Азамат» зияткерлік бағдарламасына қатысушы болып келіп, кейін сол бағдарламаны тізгіндеген. Уақыт өте бағдарламалар бөлімінің продюсері, редактор-сарапшы қызметінде болды. Көрерменге «Төртеу түгел болса...», «Таразы», «Жеті күн» сияқты бағдарламалардың авторы әрі жүргізушісі ретінде танылған Ринат Думанұлы шеберлігі мен кәсібилігінің арқасында «Хабар» арнасының директоры, одан әрі «Хабар» Агенттігі басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. Білікті медиаменеджер, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері бүгін біздің студиямызда қонақта.