«Хабар» Агенттігі 2026 жылға жаңа телехикаяларға өтінім қабылдайды

«Хабар» Агенттігі 2026 жылға жаңа телехикаяларға өтінім қабылдайды
  • 12
  • 16.10.2025, 16:52

15 қазан – 15 қараша аралығында

Агенттік қарастыратын телесериал жанрлары:

- драма

- комедия

Тақырыптық бағыттары:

- Отбасы құндылықтары: ана мен бала, әке мен бала, отбасы институты;

- Салт-дәстүр – мәдени дамудың негізі;

- Жұмысшы мамандықтары және олардың мемлекет пен қоғамның дамуына қосқан үлесі;

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және озбырлыққа қарсы күрес;

- Жастардың өмірден өз орнын табуы. Дұрыс мамандық таңдау;

- Зиянды әдеттерден және масыл болудан арылу, ысырапшылдықпен күрес;

- Есірткі саудасымен күрес;

- Лудоманиямен күрес;

- Ішкі туризм;

- Инклюзия;

- Патриотизм, білімге құштарлық, еңбекқорлық, ауызбіршілік пен жауапкершілік.

- Заң мен тәртіпті сақтау, вандализммен күрес;

- Алаяқтыққа қарсы күрес және қаржылық сауат;

- Табиғатты аялау;

- Мемлекеттік тілдің дамуы;

- IT технологиялардың дамуы.

Өтінімдерді astana@khabar.kz поштасына жіберу қажет. 

Ескерту: өтінімдерге қоса төмендегі құжаттар міндетті түрде қажет:

1) ұсынылатын жобаның толық концепциясы (жобаның мақсаты мен міндеттері, жанры, хронометражы, мақсатты аудиториясы көрсетілген);

2) сценарлық жоспардың кеңейтілген синопсисі;

3) портфолио;

4) шығармашылық құрам туралы ақпарат (продюсер, режиссер, сценарист, актерлер құрамы, редакторлар);

5) тизер немесе телевизиялық материалдың пилоттық жобасы (егер бар болса);

6) арнаға жазылған сүйемелдеу хат.