«Хабар» майталмандарымен бір ай: тележүргізуші Саят Жөкенұлы

  • 11
  • 16.10.2025, 19:40

Журналист, тележүргізуші Саят Жөкенұлы «Хабарға» алғаш рет 2002 жылы «Азамат» бағдарламасына қатысушы болып келіп, кейін сол жобаның сценарий авторы, редакторы қызметтерін атқарды. Пікірсайыс алаңында шыңдалған маман «Жаңалықтарда» тілші, кейін саяси-сараптамалық «7 күн» бағдарламасынының продюсері әрі жүргізушісі болды.

Мемлекет пен ұлт мүддесі жолында өзекті мәселелерді көтерген Саят Жөкенұлы көрерменге «Бүгін», «Білу маңызды», «Жаһандық саясат», «Әлем тынысы» бағдарламалары арқылы кеңінен танылды.