«Хабар» Агенттігінің дамуына үлес қосқан майталман маманның бірі - қазақстандық медиа салада көп жылдық тәжірбиесі бар білікті медиа-менеджер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Құрманқұл Бексұлтан Тұрғанбекұлы. Ол мыңжылдықтың басында корреспондент, жаңалықтар бөлімінің тележүргізушісі ретінде танылды. Сонымен қатар «Салық төлеушінің күнделігі», «Тұтынушы әліппесі» атты авторлық бағдарламаларын жүргізіп, бизнес жаңалықтар блогын дамытуға үлесін қосты. Кейін өзінінің бай тәжірибесін телеарналардың стратегиялық дамуы мен эфир саясатын ұтымды жүргізу істеріне арнады. Бүгінде агенттіктің іргелі медиахолдинг, қалыптасқан ұлттық бренд ретінде дамуына ықпал етіп отырған Маркетинг және PR-ілгерілету департаментінің директоры.