«Хабар» Агенттігінің 30 жылдық мерейтойына орай бірқатар игі іс-шара қолға алынуда. Солардың бірі – болашақ журналистерге арналған шеберлік сағаты. Бұл жолы дәрісті «7 күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекші-жүргізушісі Жігер Сәрсен өткізді. Ол Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесіп, телевизия саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды. Сондай-ақ «Оян» бағдарламасының тележүргізушісі Лунара Есен шеберлік сағатын өткізді. Мұндай дәрістер әрі қарай да жалғасын табады.
Жігер Сәрсен, «7 күн» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жетекші-жүргізушісі:-Ең басты мәселе біздегі «Хабар» арнасындағы бренд білесіздер, 30 жыл бойы атауын өзгертпеген «7 күн» бағдарламасы сол туралы студенттерге мағлұмат беріп және бағдарламаның қалай әзірленетіні, оның мақсаты, қоғамда алатын орны туралы жан-жақты түсіндіру.
Лунара Есен, «Оян» бағдарламасының жүргізушісі:-Шеберлік сабағында оқып жатқан студенттердің өздеріне сенімсіздігін, күйзелістен қалай 5 секундта шығуға болатынын, қандай жаттығулар арқылы дауыстың нақты шығуын, денені босатып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын үйреттік.