Студияда масс-медиа және телеменеджмент саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар білікті маман, белгілі журналист, тележүргізуші, кино жанашыры – Құрманбек Жұмағали. Телевизияға редактор-жүргізуші болып келген жас маман 2007-2013 жылдары аралығында «Хабар» арнасында қорытынды жаңалықтарды жүргізді. Жаңалықтар қызметінде шығарушы-продюсер, «Арнайы репортаж», «Таразы» бағдарламасында редактор болып еңбек етті. Одан бөлек, «Айбын», «Көзқарас», «Бетпе-бет» бағдарламаларын тізгіндеді. Біздің арнамызда шыңдалған Құрманбек Жұмағали бірнеше арнада басшылық қызметте болып, қазақ журналистикасының дамуына өз үлесін қосты. Ал 2023 жылдан бастап «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді.