«Хабар» майталмандарымен бір ай: танымал журналист Зейін Әліпбек

  • 12
  • 22.10.2025, 19:39

Бүгінгі кейіпкерді арна көреремені күтті. Танымал журналист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері  – Зейін Әліпбек. Ол өзінің қоңыр дауысы, ақпаратты салмақты жеткізу мәнерімен танымал.

Зейін Әліпбек «Хабар» арнасына 1996 жылы, яғни арнамыз енді құрылып жатқан жылдары келді. Еңбек жолын тілшіліктен бастап, 1998 жылы алғаш эфирге шығып, кейін қорытынды жаңалықтарды тізгіндеді. Одан бөлек, «Жеті күн», «Бетпе-бет» және «Yкімет пен әлеумет» бағдарламаларының жүргізушісі әрі шығарушы редакторы болды. Кейін «Хабар» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Білім және Мәдениет» телеарнасы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгінде ЖОО-да баспасөз қызметінің жетекшісі. «Құрмет» орденінің иегері.