«Хабарда» жаңа ойын басталады

  • 4
  • 08.12.2025, 18:59

Кешкі сағат 20:00-ден бастап біздің арнамызда «Эфирдегі құпия сөз» атты жаңа ойын басталады. Яғни күн сайын эфирде бір құпия сөз көрсетіледі. Көрермендер QR-кодты сканерлеп, Telegram-ға өтіп, аты-жөнін, нөмірін және сол құпия сөзді жібереді. Құпия сөзді бірінші болып жолдаған көрермен біздің арнайы сыйлығымызды ұтып алады. Екі апта бойы 14 құпия сөз жасырылады. Оның барлығын біріктірсе, бір қанатты сөз шығады. Негізгі құпия сөзді бірінші болып тапқан көрермен бас жүлде — теледидардың иегері атанады.