Үміткерлер кеңінен танымал отандық және шетелдік әндерді шегіне жеткізіп орындай білді. Ширек финал сенбі күні өтті. Келесі кезеңге сегіз адам өтті. Соның төртеуі көрерменнің ықыласына бөленіп, өнерімен тыңдарманын баурап алды. Оларға «Хабардың» телеграм арнасы арқылы 30 мыңға жуық адам дауыс берген. Жартылай финалдың қалған төрт қатысушысын тәлімгерлер таңдады. «Алдағы кезең жас таланттар үшін тарысты болады», - дейді ұйымдастырушылар.
Әсел Тоянова, «The Voice Қазақстан» жобасының продюсері:
- Енді осы аптада сенбі күні, сағат сегізде «Хабар» арнасында тағы тікелей эфирде жартылай финал өтеді. Жартылай финалда да, финалда да дауыс беретін, шешім қабылдайтын – тек халық. Сондықтан көрермендерді үздікті таңдауға, жеңімпазды таңдауға атсалысуға шақырамын. Телеграм каналда дауыс беріп, жеңімпазды таңдаңыздар.