«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы серіктесі «Cert Academy Kazakhstan» ЖШС бірге 2025 жылғы 17 желтоқсанда қызметкерлерге ««ISO 37001:2025 кіріспе» тақырыбында оқыту іс-шарасын өткізді.
Аталған оқыту іс-шарасы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (ҮББ-4) жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру аясында өтті.