Көрермен көзайымына айналған «Жекпе-жек айтыс» мәресіне жетпек. Осы жексенбіде жобаның бас жүлдегері анықталады. Жыр додасына қатысқан 16 ақынның ішінен суырылып шығып, үш айналымда да сүрінбеген үздіктер, шешуші «Жекпе-жек. Айтыста» жолығады. Жобаға «MAGNUM» компаниясы бас демеуші ретінде қаржылай қолдау білдірді. Сондай-ақ Q4 Auto Tulpar компаниясының негізін қалаушы Талғат Сақан өз атынан, 2 темір тұлпар тікті. Ендеше, жеңіс кімге бұйырар екен? Бірге білейік! Жексенбі күні, 19:15-те «Хабар» арнасы қосулы болсын!
Аманжол Әлтаев, «Жекпе-жек. Айтыс» тележобасының жүргізушісі:
-2 бөлімде айтысады бір сағат бойы. Осы бүгінгі күнге дейін ақындарымыз үлкен жауапкершілікпенен өздерінің үлкен мықтылығын дәлелдеп көрсете білді деп ойлаймын. Дейтұрғанменен, қазақ айтады: «алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дейді. Осы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау болатын басты мақсатымыз. Сол 16 ақынның ішінен суырылып шыққан екеуі Алла қаласа айтысатын болады.