19 қаңтардан бастап «Хабар» телеарнасынан «Шырмалған тағдыр» атты түрік телехикаясы көрерменге жол тартады. Бұл адамдардың таңдауы мен құндылықтар арасындағы нәзік шекараны, мүдде мен махаббаттың қақтығысын, алдамшы сезім әлегін көрсететін әсерлі мелодрама.
Телехикаяда басты кейіпкер Маджиденің алып шаһардағы күреске толы тағдыры суреттеледі. Анкарадан Ыстамбұлға көшіп, арманыма жетемін деген жас қыздың өмірі кездейсоқ кездесуден кейін түбегейлі өзгереді.
Телехикая өзгелерге ұқсамайтын сценарийімен ғана емес, психологиялық, драмалық оқиғаларымен де ерекшеленеді.
Түрік кино әлемінің танымал жұбы Неслихан Атагүл мен Кадир Догулу бастаған актерлер алғашқы эпизодтан ақ көрерменді баурап алып, әр серия сайын жаңа қырларымен таң қалдырады. Кейіпкерлердің шешімі мен таңдауы кейде тәнті етеді, кейде тіпті, жүйкені тітіркендіріп, жеккөрініш сезімін оятады. Байлық бақыттың қақпасын аша ма? Ішкі тазалық, рухани биіктікті махаббат үшін құрбан етуге бола ма? Жалған үміттің соңында өзіңді жоғалтып алмаудың жолы қандай? Бұл көрерменге ой салатын телехикая.
Адам жанының иірімдерін көрсететін «Шырмалған тағдыр» телехикаясын 19 қаңтардан бастап, жұмыс күндері сағат 19:30-да, «Хабар» арнасынан өткізіп алмаңыз.