«Азамат» бағдарламасы: іріктеу өтіп жатыр

  • 13
  • 19.01.2026, 21:47

Алматыда «Азамат» бағдарламасының жаңа маусымына іріктеу кезеңі аяқталды. Жобаға жауапты тұлғалар екі күн бойы 150-ге тарта студентті тыңдап, олардың қарым-қабілетін бағамдады. Жалпы оған  қатысуға ел бойынша 600-ден астам жас өтініш білдірген. Телевизиялық жобаға соның ең мықты деген 64-і таңдап алынады. Бағдарлама «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.   

«Азамат» бағдарламасына келген пікірсайысшылардың барлығы телевизиялық жобаға қатысуға үмітті. Комиссия мүшерелерінің алдында өздерін сенімді көрсетуге тырысып бақты. Жалпы іріктеу кезеңі 3 бөлімнен тұрады. Алғашқысында  қатысушы билет алып, онда көрсетілген тақырыпқа орай өз ойын айтады. Мәселе сан алуан. Ақпараттық қауіпсіздік, білім жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту,  ауыл шаруашылығына қатысты жайттар деп кете береді. Барлығы 70 тақырып. Одан кейін пікірсайысшылар  тағы екі кезеңнен өтеді.

Балжан Дәулет, 
«Азамат» бағдарламасының үйлестірушісі:

-Пікірсайысшы болғаннан кейінгі өзінің ойын еркін жеткізе алу. Бірінші кезең бойынша тақырыптар беріледі. Екінші кезең бойынша пікірсайысшы сауатты болуы керек. Саяси сауатты болуы керек. Сол себепті оларға блиц сұрақтар дейміз, жалпы саясатқа қатысты, халықаралық қатынастарға қатысты сұрақтар беріледі.Телеарналық жоба болғаннан кейін олардың өзін-өзі ұстауы сауатты, тіл тазалығы деген осындай критерийлерге қарап бағалайтын боламыз.

«Азамат» жобасын болашақ саясаткерлерді дайындайтын мектеп деуге болады. Интеллектуалдық бағдарлама талай жастың томағасын сыпырып, қабілетін ұштады. Кейін біраз жыл эфирге шықпай қалды. Былтырдан бері көрерменімен қайта қауышты. Бүгінге дейін Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында іріктеу кезеңі өтті. Оған жақын аймақтағы өзге өңірлер де түгелдей қамтылды. Ал Алматыдағы іріктеу кезеңіне Жетісу және Алматы облысының пікірсайысшылары да шақырылды.

Ернұр Омаров, 3-курс студенті:

-Қазір дебат өте қатты дамып жатыр. «Азамат» осының бір баспалдақтың бірі осы «Азамат» арқылы сен ойыңды дұрыс қалыптастырасың, дамытасың.

Бағдарламаға еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының  бакалавр студенттері қатыса алады. Оның қатарында мемлекеттікпен қатар, жекеменшік университеттер де бар.  

Нұрбол Абылай, 3-курс студенті:

-«Азамат» бағдарамасы үлкен мүмкіндік беретін орта. Үлкен жас пікірсайысшыға телевидениедегі өз ойын дәлелдеуге, өзіне сендіруге, көпшілік алдында сөйлеуге үйрететін пікірсайысшылардың ең үлкен жетістігінің бірі болып табылады. Бұл тевизиялық  жоба болғаннан кейін көпшілік сені тыңдайды. Көпшілікке ойыңды жеткізе аласың, әлеуметтік лифт бола алатын бағдарлама болады деп есептеймін.

«Хабар» арнасының телеөнімі «Азамат» бағдарламасы наурыз айында эфирге шығады деп жоспарланған. Іріктеуден бастап, финалға дейін 32 ойын түсіріліп, әр апта сайын көрсетіледі. Ал қатысушылыр «Азамат» деген атқа лайық болу үшін пікірсайысқа түседі. Жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болады.

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов