Еуразия ұлттық университетінде «Три дозы до смерти» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Авторы журналист, документалист Сәби Байбосынов. «Хабар» Агенттігінің қолдауымен түсірілген фильмде нашақорлықтың құрбаны болған адамдардың шынайы оқиғалары баяндалады.
Фильм Павлодар облысындағы оңалту орталығында түсірілген. Туынды синтетикалық есірткі мен басқа да зиянды заттарға тәуелділікпен күресіп жүрген азаматтардың өмірі туралы. Автор жастарға есірткі адам өмірімінің күл-талқанын шығаратынын ескертеді. Әрі кез келген тәуелділік адамның өзін жоғалтуға әкелетіні жайлы ой салады.
Деректі туындыны 15 ақпанда сағат 21:15 «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.