«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасын өткізді

«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасын өткізді
  • 73
  • 03.04.2026, 14:33

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы 2026 жылғы 31 науырызда қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау» тақырыбында оқыту іс-шарасын өткізді.

Аталған оқыту іс-шарасы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (ҮББ-4) жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру аясында өтті.