«Кітап оқитын ұлт» жобасы халықтың ерекше ықыласына ие

  • 7
  • 04.06.2026, 20:00

«Хабар» арнасы зерделі ұлт қалыптастыру жолында ірі жобаларды қолға алды. Солардың бірі - 17 сәуірден бері «Оян» таңғы бағдарламасынан көрсетіліп жүрген «Кітап оқитын ұлт» интеллектуалды-ағартушылық жобасы.

Облыс әкімдері жобаға ерекше ықылас танытып, апта сайын эфирге қосылып, өз өңірлерінен шыққан ақын-жазушылардың кітаптарын таныстырып келеді. Ал сол кітаптарды оқып, арнайы әзірленген сұрақтарға дұрыс жауап берген көрерменге соңғы үлгідегі ұялы телефон тарту етіледі.  Осы уақытқа дейін жобаның 7 шығарылымы көрерменге жол тартып, еліміздің 4 өңірінен жеңімпаздар анықталған. Көрермен тарапынан да қызығушылық өте жоғары. 

Санат Ілияс, жоба жүргізушісі:

- Ертең бізде 8-шығарылымы шығады. Әзірге 7 шығарылымда бізде 4 жеңімпаз бар. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш. Әрине, бізде аптасына әр эфир кезінде мыңдаған адам қоңырау шалады. Сондықтан желі бос болмауы мүмкін. Бұл сұрақтарды электронды нұсқасынан қарап, чат джипитиден қарап тексеріп, тауып алатындай сұрақ емес. Біз қойған сұрақтың әрбір сөзін синонимін келтіріп, әр сөзін ауыстырамыз.