«Хабар» арнасы көрерменге «Кітап оқитын ұлт» жобасын ұсынады

  • 9
  • 12.06.2026, 19:56

Кітап оқып, IPHONE ұт!

«Хабар» арнасындағы «Оян» таңғы ойын-сауық бағдарламасы көрерменге «Кітап оқитын ұлт» жобасын ұсынады. Айдардың ерекшелігі – әр жұма күні аймақ әкімдері қандай да бір әдеби шығарманы оқуды ұсынып, эстафетаны өзге өңірдің әкіміне тапсырады. Келесі аптаның жұмасына дейін туындыны оқып шыққан көрермен тікелей эфирдегі «Оян» бағдарламасына хабарласып, туындыға қатысты сауалға жауап бере алады. Сұраққа дұрыс жауап берген көрерменге соңғы үлгідегі IPHONE смартфоны табысталады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің әйгілі «Кербұғы» шығармасын оқуды ұсынды. Демек, келесі жұма күні сағат таңғы 7:00 мен 9:00 аралығында «Хабар» арнасының таңғы эфирінде Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» шығармасы бойынша интеллектуалдық сайыс өтеді.