Үміттің үні бір қоңырау. Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі мен тағдыршешті отаны күтіп жүрген адамдардың тағдыры туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді. Туындының атауы - «4739».
Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, белгілі дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, реципиенттер мен олардың отбасылары, сондай-ақ фильмнің авторлары мен кейіпкерлері де қатысты.
«4739». Хабар агенттігі түсірген деректі фильмнің атауы бұл. Бұл елімізде ағзаға кезекте тұрған жандардың саны. Фильмде ойдан құрастырылған кейіпкерлер мен оны сомдаушы актерлар жоқ. Бұл шынайы адамдардың тағдыры турасында. Мәселен, Қазима Ғайсарова. Қызынан айырылып қалған ана, перзентінің ішкі органдары басқа жандарға өмір сыйлайтынын түйсінгендіктен, өлім донорлығына келісім береді.
Қазима Гайсарова, донордың анасы:
-Мен қызымның нағы қаһарман екенін мақтан тұтамын. Мен үшін ол тірі. Оның органдары адамдарға өмір сыйлағаны үшін ол әлі тірі. Қайғырып, қамықсам да, осы оймен жұбанамын. Ол өмір сыйлаған адамдарға ұзақ ғұмыр тілеймін.
Транспантология елімізде жеткілікті дамып келеді. Мамандардың біліктілігі, техникалық және технологиялық мүмкіндер бар. Бірақ донор жоқ. Салдарынан жыл сайын 250-300 адам қажетті ағзаға қол жеткізе алмай көз жұмады.
Фильмдегі кейіпкердің бірі Қасиет Әкімова. 2018 жылдың қараша айынан бастап күту парағында. Әр күні азаппен астасқан үміт пен күдік арасындағы күрес.
Қасиет Әкімова:
– Көп адам білмейді. Көп адамның басына түспегеннен кейін бұндай іс. Мысалы, мен бұрындары ауырмай жүрген кезде диалездің не екенін білген жоқпыз. Мысалы, мен диалезге 4 сағат барамын. Олар ойлайды, просто система алады, қайтады деп. Оның қалай қиын екенін, арпалыста, өлім мен өмір аралығында жататынымызды ешкім білмейді.
Авторлар бұл фильмде донорлық проблемасын көтере отыра, көрермендерді тараптарды таңдауға шақырмайды. Тағдырларды көрсете отырып, түйткілге назар аударады.
Назерке Тоқжан, тілші, фильм авторы:
– Транспантология тек бір ғана дәрігерлердің жауапкершілігіндегі жұмыс емес. Бұл барша қоғамға ортақ тақырып. Сондықтан арамызда осындай ауыр дертпен үнсіз күресіп жүрген жандардың барына мейлінше көбірек назар аударғымыз келді.
Мәншүк Мақсұтқызы, «24 kz» теларнасы, бағдарламалар дирекциясының директоры:
Ағзаны алған адамдардың өздері соны қоғамға жариялап айтуға дайын емес. Сондықтан қазіргі индивидуализм дамыған қоғамда, тек жеке бастың мүддесі алдыға шығып тұрған қоғамда біреу үшін осындай қадамға бару. Біреудің өмірін сақтап қалу үшін осындай ерлікке бару бұл деген қазір жоқтың қасы деуге болады.
Үнсіздіктің үміті бір қоңырау. Фильм дәл қазіргі уақытта мыңдаған адамның сізге донор табылды деген бір қоңырауға қаншалықты зәру екенін, ақтық дем алдындағы шешім, басқаның өмірін ұзартатынын өрнектей алды.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
-Әр азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғау, мемлекет үшін бұлжымас әрі ең жоғарғы басымдық. Ал авторлар мен шығармашылық топқа күрделі және нәзік, тақырыпты үлкен жауапкершілікпен жеткізе білгені үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
«4739» Деректі фильм 24 шілдеде, 24 kz телеарнасында кешкі 19:30-да көрерменге ұсынылады.
Берік Дүйсенбай, Бауыржан Ебелеков