«XXI ғасыр көшбасшысы»: Бас жүлде кімге бұйырады?

  • 77
  • 21.08.2026, 19:47

«XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасының үздік қатысушылары финалдық кезеңге жетті. 22 тамыз күні ақтық ойын өтеді. Алғашқы үш орынды еншілеген балалар елдегі жетекші жоғары оқу орындарының гранттарына ие болады.

Айта кетейік, зияткерлік бағдарлама «Хабар» арнасының туындысы. Тележоба алғаш рет 26 жыл бұрын эфирге шыққан. Кейін біраз үзілістен соң көрерменмен қайта қауышты. Осы уақытта «XXI ғасыр көшбасшысы» отандық телевизиядағы үздік жобалардың бірі ретінде танылды. Жас дарындарға жаңа мүмкіндіктер беретін бірегей алаңға айналды. Бүгінде оған қатысқан жастар өмірде өз жолдарын тауып, түрлі салада кәсіби маман болып қызмет атқарып жүр. 

Биыл білім сайысында 15 мыңнан астам оқушы бақ сынады. Соның 108-і республикалық кезеңге жолдама алды. Жоба білімді әрі талантты жастарды халыққа танытуды көздейді.

Финалдық ойын сенбі күні сағат 14:00-де «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Гүлнәр Сүлейменова,  жоба продюсері:

Балалар өте мықты. Ойынға өте жақсы дайындалған. Былтырғы жылмен салыстырғанда балалардың ерекше ынтамен дайындалғанын байқадық. Сұрастыра келе, ол балалардың «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасының 22 бағдарламасын толығымен бірнеше реттен қарап шыққандарын білдік. Өткен жылғы балалардың олқылықтарының орнын толтырып,  салт-дәстүр, мақал-мәтел жағынан жақсы дайындалып келген.