Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда «Еркін сөз» байқауының жеңімпаздары марапатталды

  • 1
  • 12.11.2026, 18:30

Ұйымдастырушысы – «Түркітілдес журналистер қоры». «Үздік ақпараттық телесюжет» номинациясы бойынша бас жүлдені 24KZ телеарнасының тілшісі Еркебұлан Смадияров жеңіп алды. Оған қоса, газет пен интернет басылымның үздіктері анықталды.

Биыл ұйымдастырушылар байқаудың он жылдығына орай «Қазақ журналистикасының үздіктері» номинациясын қосты. Олардың қатарында «Хабар» агенттігінің тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар атындағы «Елмен егіз журналист» марапаты бар. Оның алғашқы иегері – тәжірибелі журналист, білікті медиа-менеджер Жанахмет Ағыбаев. Ал «Хабар» арнасының тағы бір журналисі Индира Жылқайдарова атындағы «Қайсарлық пен кәсіби адалдық» марапатын бұқаралық ақпарат өкілі Маржан Жұмабай иеленді.

Нәзия Жоямерген, «Түркітілдес журналистер қорының» президенті:

– Биылдан бастап қолға алынған «Қазақ журналистикасының үздіктері – 2026» жобасының мақсаты – қазақ журналистикасына үлес қосқан, өкінішке қарай, бүгінде ортамызда жоқ аға, орта және жас буын өкілдерінің есімдерін ұлықтау. Олардың журналистикаға сіңірген еңбегін ескеріп, кейінгі ұрпаққа өнеге ету және сол тұлғалардың атынан марапаттар беру.

Автор: Еркебұлан Смадияров