Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Ардагер журналист Виктор Сутягин 70 жасқа толды

  • 9
  • 17.11.2026, 18:33

Қырық жылдан астам ғұмырын журналистикаға арнап, оның жиырма жылын «Хабар» Агенттігінде Атырау облысындағы меншікті тілші болып өткізді.

Ардагер журналист Виктор Сутягин 70 жасқа толды. Әріптесіміздің көпжылдық еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен марапатталды. Виктор Сутягин еңбек жолын қазіргі цифрлық технология мен жасанды интеллект жоқ кезеңде бастаған. Ардагер журналистің көз алдында қоғамдық жүйе, саясаткерлер буыны, тұтас әлем өзгерді. Телевизия да жаңарды. Ауыр бейнекамералар мен таспалардың орнын заманауи цифрлық технологиялар келді. Жаңа талапқа ілесу үшін үнемі ізденуге тура келді. Бірақ бір нәрсе өзгерген жоқ. Ол – мамандыққа деген адалдық.

Виктор Сутягин Ардагер, журналист:

– Неше сюжет түсіргенімді нақты айта алмаймын. Өте көп болды. Бірақ ең есте қалғаны – адамдарға нақты көмектесе алған сәттер. Кезінде қаланың қақ ортасында мұнай қалдықтары жиналған көлшіктер болатын. Біз сол мәселемен күрестік. Ақыры «Хабар» телеарнасының арқасында оларды жоюға қол жеткіздік.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі:

– Көпшілік барлық жаңалық осы жерде, яғни орталықта деп ойлайды. Ал шын мәнінде, жаңалықтың көбі өңірлерде. Мемлекет басшысы сіздің отандық журналистикаға қосқан үлесіңізді жоғары бағалап, қолдау білдірді.