«Хабар» Агенттігі және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы меморандумға қол қойды
2022 жылғы 14 шілде күні «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Академия ректоры Ерлан Әбілмен кездесті.
Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, әріптестіктің жаңа деңгейіне өтетініне сенім білдірді.
«Бүгінде «Хабар» Агенттігі үш арнаны тоғыстырып отыр. Алғаш құрылған күннен бастап, «Хабар» ірі БАҚ қауымдастығының мүшесі ретінде мемлекеттік және халықаралық мекемелермен өзара серіктестік қарым-қатынас орнату бағытында белсенді жұмыс жасап келеді. Бүгінгі іс-шара – қалыптасқан дәстүрдің жалғасы», – деді медиахолдинг басшысы Берік Уәли.
Меморандумның мақсаты – медиа саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, ақпараттық қолдау, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, ақпараттық қызметтер көрсету және басқа да аспектілері бойынша консультативтік көмек көрсету.
Меморандум шеңберінде ұйымдар медиа алаңдарда өзара ақпараттық қолдау көрсету, БАҚ-пен жұмыс саласында тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізу және семинарларға, практикумдарға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға мүмкіндік алады. Бұдан басқа, тараптар келісілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базаларды ұсынуға, өзекті мәселелер бойынша ақпараттық қызмет және консультациялық көмек көрсетуге уағдаласты.