«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша семинар өткізілді
2023 жылғы 12 қыркүйекте «Хабар» Агенттігі» АҚ өз қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметі басшысының орынбасары Ж.Е. Байдільдиннің және «Республикалық оқыту және консалтинг орталығы» ЖШС атқарушы директоры, Еуропалық сапа ұйымының (EOQ) мүшесі, Қазақстан сапа менеджменті академиясының академигі, ҚР МТРЖ менеджмент жүйелерінің сарапшы аудиторы, техника ғылымдарының кандидаты С.К. Әбілсеитованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі. ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары» тақырыбында оқыту семинарын өткізілді.
Аталған оқыту іс-шарасы «Хабар» Агенттігі» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобасының төртінші блогы міндеттерінің бірін іске асыруға бағытталған.