«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша семинар өткізілді

«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша семинар өткізілді
  • 7095
  • 05.07.2024, 16:45

2024 жылғы 27 маусымда «Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлеріне ақпараттық-құқықтық база сарапшысының лекторы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі жөніндегі мақаланың авторы О.Б. Джаболдиновтің, сондай-ақ ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілінің жұртшылық өкілі (омбудсмен), «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚБ Басқарма Төрағасы, кәсіби медиатор, тренер-медиатор, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасының синьор-лекторы Ақсана Александровна Қаленованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары (Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу)» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Аталған оқыту іс-шарасы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру аясында өткізілді.