Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізді

«Хабар» Агенттігі» АҚ қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізді

«Хабар» Агенттігі» АҚ 2024 жылдың 26 қыркүйегінде  қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс бақылау саласындағы сарапшы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс», «ISO 37001 стандарты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданбалы аспектілері» курстарын әзірлеуші Айбек Мейрамханұлы Қабылдиннің, сондай-ақ қоғамдық өкілі, ШҚО бала құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен), «Альтернатива» Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы» ҚБ Басқарма Төрағасы, кәсіби медиатор, тренер-медиатор, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құқықтану кафедрасының синьор-лекторы Ақсана Александровна Қаленованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары (Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу)» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Аталған оқыту іс-шарасы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған және жобалық басқарудың төртінші блогын іске асыру аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты (ҮББ-4) өткізілді.