Қазақы тазы тұқымы алғаш рет World Dog Show көрмесінде таныстырылды

  • 11
  • 08.08.2025, 18:57

Қазақы тазы тұқымы алғаш рет World Dog Show халықаралық көрмесінде таныстырылды. Финляндияның Хельсинки қаласында өтіп жатқан бұл іс-шара – әлемдегі ең ірі және беделді кинология алаңдарының бірі. Оған Қазақстаннан іріктелген сегіз тазы қатысып жатыр. Ұлттық нақышта безендірілген стендте тазының шығу тегі, биологиялық ерекшелігі мен қазақтың дәстүрлі аңшылық мәдениеті кеңінен насихатталады. Былтыр Амстердамдағы халықаралық кинология федерацияның шешімі бойынша Қазақстан ресми түрде тазы тұқымының иесі деп танылды. Федерацияның талабына сәйкес, алдағы 10 жылда еліміз оның санын көбейтіп, халықаралық жарыстарға қатысуға тиіс.