Әлемде коронавирустан айыққандар саны 200 мың адамнан асты
Johns Hopkins University мәліметі бойынша, эпидемия бүкіл әлемде 48 300 адамның өмірін жалмады, 202 541 адам жазылды. Ауру жұқтырған адамдардың жалпы саны 952 мыңға жуықтаған.
Індеттен айыққан адамдардың ең көп саны вирус тараған ошақ Қытай елінде тіркелді (76 571 адам). Испанияда 26 743 адам вирусты жеңді. Германияда жазылып шыққандар саны 19 175 адам.
Johns Hopkins University мәліметінше, бейсенбі күнгі жағдай бойынша Қытайда жалпы коронавирус жұқтырудың 82 400 оқиғасы расталды, 3 322 адам көз жұмды. Испанияда 10 мыңнан астам адам қайтыс болғаны, 104 мың адам ауру жұқтырғаны атап өтілді. Індеттен Италияда ең көп адам көз жұмған. Коронавирус бұл елде 13 200-ге жуық адамның өмірін қиып әкетті, ауруға шалдыққандардың жалпы саны 110 600 адамға жеткен. Індетті 16 800 адам жеңіп шыққан. Германияда коронавирустан бір мыңға жуық адам көз жұмды, 78 мың адам ауруға шалдықты.