Түркияның ішкі істер министрі отставкаға кететінін жариялады
Бұған себеп: елдің 30-дан астам провинциясында 2 күндік коменданттық сағат режимі енгізілуі. Шектеуден бірнеше сағат бұрын ғана хабардар болған тұрғындар жаппай дүкендерге бет алды. Сауда орталықтарының алдында жиналған жұрт бір айдан бері сақталған әлеуметтік қашықтықты бұзып, инфекцияның таралу қаупін арттырды. Дегенмен президент Режеп Тайып Ердоған ішкі істер министрінің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамайтынын мәлімдеп, қызметін жалғастыратынын баяндады. Оның қазірге дейін лаңкестікке қарсы күрес және түрлі деңгейдегі апат кезінде атқарған қызметтерін еске салды.