Еуропада коронавирустың екінші толқыны басталу қаупі бар
Тіпті індеттің екінші толқынын да болжайды. Саясаткер отандастарын қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық мен маска тағудың маңыздылығын ескертеді. Сонымен қатар Джонсон Испаниядан келгендер үшін 2 апталық карантин режимін енгізіп отыр. Айта кетейік, бүгінде Біріккен корольдікте жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты. Қауіпті вирустан 45 мыңнан астам тұрғын көз жұмды.
Борис Джонсон, Ұлыбритания Премьер-министрі:
– Вирус өршіп тұрған елден келген адамдардың барлығы міндетті түрде екі апта карантинде болуы шарт. Бұл өте маңызды. Індеттің таралмауы үшін тиісті шаралар қабылданатын болады. Мамандардың нұсқаулықтарын орындауымыз керек. Бұл карантин режимінің жеңілдеуіне септігін тигізеді. Италия билігі елде төтенше жағдай режимін қазанның 15-іне дейін ұзартпақ. Бұл туралы премьер-министр Джузеппе Конте хабарлады. Оның айтуынша, аймақта вирустың таралуы қайта қарқын алып барады. Сондықтан кез келген уақытта тиісті шараны қабылдау үшін Төтенше жағдай режимін ұзарту керек.