Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, құрбандар саны 59-ға жетті. Тағы 163 адам жарақат алған. 140 мыңдай тұрғын эвакуацияланды. Ал Тәжікстанның Демократиялық партиясының лидері кемінде 60 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Жүзден астамы зардап шеккен. Шекарадағы қарулы қақтығыс өткен аптада басталды. Екі тарап бір-бірін айыптап отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Президент қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға да көңіл айту жеделхатын жолдап, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.