Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 228 сағат өткенде 13 жастағы бала аман табылды
Жергілікті ақпарат құралдары Хатайда да 2 адамның табылғанын хабарлап отыр. Бұған дейін Кахраманмараш қаласында 74 жастағы анасы мен оның 42 жастағы қызы аман-есен шығарылған. Жер сілкінісінен бері 11 күн өтті. Тірі қалғандарды табу үміті азайып барады. Үйінділерді аршу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке сай, зілзала құрбандарының саны 36 мыңнан асты. Жарақат алғандар - 100 мыңнан көп. Түркияға көршілес Сирияда 6 мың адам қаза тапқан. Аймақта миллиондаған тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж. Үй-күйсіз қалғандар көп. Ал ЮНИСЕФ өкілдері 2 елде апаттан 7 милионнан аса бала зардап шеккенін айтады. Осы күндері әлем елдері Түркия мен Сирияға жан-жақты қолдау білдіріп, қайғыға ортақтасып жатыр. Берлинде зілзала құрбандарын еске алу шарасына мыңдаған адам жиналды.