Түркияда 85 мыңға жуық тұрғын үй және ғимарат қайта салынады
Мұны Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі мәлімдеді. Қазірге дейін 11 өңірде 684 мың ғимаратта сараптама жұмыстары жүргізілген. Екі провинциядан тыс өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін ел президенті қиранды астынан соңғы азамат шыққанға дейін құтқару жұмыстарының жалғасатынын айтқан болатын.
Мұрат Құрым, Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі:
-Қазіргі уақытта 7 мың 328 қызметкері бар 11 провинцияда залалды бағалау жұмыстары жалғасуда. Осы тұрғыда 3 миллион 9 мың 563 тәуелсіз бөлім мен 684 мың ғимарат зерттелді. 332 мың 947 дербес бөлімнен тұратын 84 мың 726 ғимарат жарамсыз деп табылды. Аданада 148 ғимараттағы 1602 тәуелсіз бөлімнің жойылуы, дереу бұзылуы және қатты зақымдануы анықталды.
Жаңа оқу жылына дейін қашықтан оқуға көшкен университеттерге өзгеріс енгізілді. Жоғарғы оқу орындары 20 ақпаннан бастап оффлайн форматта білім беретін болды. Апат аймағындағы студенттер басқа өңірлерде арнайы статуспен ағымдағы семестрде оқи алады.
Эрол Өзвар, Жоғарғы оқу кеңесі басшысы:
-Көктемгі семестрді 20 ақпанда бастауға болады. Сәуір айынан бастап оқытудың гибридті нұсқасы енгізіледі. Жоғары оқу орындарындағы кей бағдарламаларда студенттер оффлайн форматта оқуды жалғастырады.
Қазақстаннан жіберілген 55 тонналық гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп әуежайына қонды. Апаттан зардап шеккендерге арналған аса қажетті заттар тиелген әуе кемесін Қазақстанның Түркиядағы елшісі мен Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары қарсы алды. Елімізден жіберілген қажетті заттардың бір бөлігі Адияман қаласына жөнелтілді. Гуманитарлық көмекті қабылдаған Түркияның Сыртқы істер министрі, Қазақстан Президенті мен қазақ халқына алғысын білдірді.
Авторы: Меруерт Қанағат