Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес күшейтілді
Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес күшейтілді. Соңғы 4 жылда 17 ойын нысаны анықталған. Олардың біреуі букмекерлік кеңсе, 13-і казино, қалғаны ойын залдары. Астыртын ойын бизнесімен айналысқандар бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған бірнеше адам ұсталып, 316 бинго-лото терминалы тәркіленді.
Ержан Қалиасқаров, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы:
-Интернет-ресурстар мониторингі барысында әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған 6 аккаунтты анықтады. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде осы аккаунттардың иелері анықталып, олардың ұйымдастырған заңсыз материалдар ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін хат жолданды.