Хабар телеарнасы

Қарағандыда домбыра күні қарсаңында «Күй Аллеясы» ашылды

Маңайына ағаш отырғызылып, 17 орындық орнатылған. Жақын келсеңіз бірден күй ойнай жөнеледі. 

Мұндағы әр орындыққа әйгілі күйшілердің есімі жазылған. Кетбұға, Тәттімбет, Құрманғазы, Ықылас, Әбди, Сембек, Нұрғиса бабаларымыздың бай мұрасымен осы жерде танысуға болады. Орындықта арнайы сенсор бар. Адам бір метр жақындағанда бірден іске қосылады. Сонымен қатар мұнда QR-код орнатылған. Ұялы телефон арқылы күйшілердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында толыққанды ақпарат аласыз. Жоба авторлары — университет студенттері. 

Нұрлан Дулатбеков, университет ректоры:
-Күйлеріне байланысты. Біреудің үш күйі бар, біреудікі 5 күй. Мысалы, Сембекте, тағы басқаларда бір-бір күйден ғана қалған. Яғни, олардың барлығын әрі қарай дамыта береміз. Ана жерде олардың өмірі ағылшын, қазақ тілдерінде жазылған. Әрбір бала келеді де оны қарайды. Меніңше қыстың күні болмайды. Бірақ осы 9 айда осында күй тыңдап отыратын болса балалар жаман болмайды.