Мәжіліс депутаты елімізде электронды темекіні сатуға толығымен тыйым салуды ұсынды
Себебі аталмыш өнім жасөспірімдерге еш бақылаусыз сатылып жатыр. Депутат Нұргүл Тау осы мәселені көтеріп Премьер-Министрдің атына сауал жолдады. Оның сөзінше елімізде темекі кесірінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Енді бұл нарыққа никотиннің электронды түрі қосылды және ол жастарға қолжетімді болып тұр. Әрі жарнамасы мықты. Сәйкесінше оған тәуелділер қатары жыл санап артуда.
Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Әсіресе өсімнің екі есеге артуы 13-15 жас аралығындағы балаларда байқалған. Вейп қолданушылардың саны 1 млн балаға жеткен екен. Осы жағдайға бірнеше жағдай әсер етіп отыр. Бірінші бизнестің жоғары пайда табатынын ескерсек, вейпиндустрия балармен жасөспірімдерге бағытталған маркетингті қолдануда. Нәтижесінде вейптер балаларға аумақтық жағынанда бағасы жағынанда қолжетімді.