Жер шарындағы табиғи апаттар климаттың өзгеруінен болып отыр — Рае Квон Чунг
Жер шарындағы құрғақшылық, өрт, дауыл, су басу және басқа да табиғи апаттар климаттың өзгеруінен болып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен Азиялық форумда Нобель сыйлығының иегері, профессор Рае Квон Чунг айтты. Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан мен Малайзиядан келген ғалымдар жаһандық жылыну мәселесін талқылады. Зерттеуші ғалымдар осыған байланысты қазір жоғары оқу орындарында жасыл экономика мен климаттың өзгеруі туралы білім берудің маңызды екенін айтып отыр.
Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:
-Ғаламшардың температурасы қатты көтеріліп келеді. Соның салдарыран түрлі табиғи апаттар болып жатыр. Мұндай қауіппен Үкімет немесе құзырлы орган күресе алмайды. Бұл жер шарындағы әр адамның борышы. Қоршаған ортаға құрмет жеке адамнан басталуы керек.
Болат Тілеп, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ректоры:
-Біз саналы ортаға нақты концепцияны кіргізіп, студенттерді осы университет қабырғасынан осыған баулу, осыған тәрбиелеу керекпіз. Яғни студенттердің осы университет қабырғасынан жасыл орта, жасыл экономика, экология осы мәселелердегі ішкі мәдениетті қалыптастырып шығару. Тек қана мәдениет емес, қосымша білім алу.