Хабар телеарнасы

Шанхайдағы көрмеде Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды

Шанхайдағы China International Import EXPO VII Қытай халықаралық көрмесінде Қазақстанның «Жаңа дәуір, ортақ болашақ» атты ұлттық павильоны таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның ет, сүт, май, бал сияқты табиғи өнімдеріне қызығушылық танытып, көрменің алғашқы сағаттарында ғана 22 мың долларға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды. Халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов және Қытай Мемлекеттік кеңсесінің Премьері Ли Цян қатысты. Еліміздің ұлттық павильонында электрондық және қаржылық саладағы табысты жобалар көрсетіліп, отандық стартаптар да таныстырылды. Олжас Бектенов озық технологияларды енгізуде мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. 

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

-Қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа шығуына тамаша мүмкіндік. Айта кететін тағы маңызды мәселе, алғаш рет қазақстандық өнімдерді тикток арқылы алғаш рет онлайн саудаға шығарып жатырмыз. Тек стендке келушілерге ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша тикток интернет арқылы онлайн сатып алуға мүмкіндік көрсетіп жатырмыз.