Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда алғаш рет қазақ тілінде «Жасанды интеллект әліппесі» жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері Алматы қаласында өтті.
Қазір әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Елімізде де соңғы жарты жылда түрлі салада нейрожүйені қолдану жиіледі. «Сондықтан технологиялық өзгеріс дәуірінде жасанды интеллект негізін білу әрбір азамат үшін маңызды», - дейді кітап авторы Мейіржан Әуелханұлы. Автор жасанды сана ұғымынан бастап оны нақты тәжірибе жүзінде қолдануды қарапайым тілмен жеткізген. 27 түрлі кәсіпте жасанды интеллектіні қолдануға арналған дайын сауал бар.
Мейіржан Әуелханұлы, кітаптың авторы:
- Күнделікті өмірімізге, тұрмысымызға ол біз қаласақ та, қалдамасақ та қазір ЖИ кіріп жатыр. Одан мүлде бас тарта алмаймыз. Сондықтан біз барынша оны үйреніп, оны дұрыс жағынан пайдалану, оны біздің тілімізді, мәдениетімізді, дәстүрімізді түгел өзімізге дата центрлер салып, біздің елде, біздің жерде өзімізге тиесілі ЖИ-ді дамытуға біз мүддделі болуымыз керек деп ойлаймын.