Хабар телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар болжамдау және аналитика саласында күш біріктірді

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ұлттық ғылым академиясы болжамдау және аналитика саласы бойынша меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, екі ұйымның зерттеулері мемлекеттік саясатты әзірлеуге, ұлттық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, экология және өзге де салалардың мәселесін шешуге негіз болмақ. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «саясатқа арналған ғылым» жүйесін қалыптастыру бастамасы қолға алынды. Жалпы мұндай тәжірибе әлемдегі бірқатар елде бар. Сарапшылардың айтуынша, оны Қазақстанға бейімдеу Үкіметті жаһандық сын-қатерлерге шұғыл назар аудару және ұзақмерзімді стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Айгүл Көшербаева, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы:

- Ұлттық ғылым академиясы ішінде бірнеше танымал ғалым бар. Біздің стратегиялық зерттеулер институты ішінде де экспорттық деңгейі өте үлкен танымал, халықаралық аренада танымал ғалымдар бар. Сол ғылымдарды бір-бірімен байланыстыру. Олар тек қана аналитикалық жазба жазады. Егер керек десе, қолданбалы зерттеу мақала шығарамыз.