Ақтөбе облысында білім беру саласы дамып келеді

  • 12
  • 19.11.2025, 19:48

Ақтөбе облысының білім беру мекемелерін ақжолтай жаңалықтар күтіп тұр. Жыл аяғына дейін өңірдегі бірнеше мектеп пен кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Сондай-ақ 8 су жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Мұны Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс басшысы мәлімдеді. 

Ақтөбе облысының білім саласы бұл 446 мектеп, 190 мыңдай оқушы мен 26 мыңнан аса ұстаз. Бұл орта білім жүйесіндегі сандар ғана, мектепке дейінгі және кәсіптік білім беру ұйымдары өз алдына. Өңірдегі жас өрендер білім деңгейі жөнінен алдыңғы қатарда келеді. Айталық биыл­дың өзінде ақтөбелік оқу­шы­лар халықаралық, республи­ка­лық олимпиадаларда 162 ме­­­даль еншілеген. 
 
Оқушылардың жетістіктері облыс басшылығына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Жаңа мектеп, жайлы ғимарат пен озық бағдарлама.   

Асхат Шахаров, Ақтөбе облысының әкімі:

-8 жаңа мектеп халық игілігіне берілді. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 12 білім нысанын пайдалануға беріп, қолданыстағы 3 мектептің қосымша спортзал құрылыстарын аяқтау жоспарда бар. Айта кету керек, биыл 9100 орынға арналған 12 мектеп «Келешек мектептері» Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылатын болады.  

«Келешек мектептер» жоғары стандарттармен талаптарға құрылған. Мәселен, онда төрт спортзалы, кең аулалары, жайлы сыныптары болуы шарт. Сондай-ақ IT технологиялары мен стем-зертханалары, ағаш өңдеу, тігін үйірмелері яғни ерте кәсіптік бағдар беретін мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс. Ал оқушы орны 2000 балаға есептеледі. Яғңи жыл аяғына дейін ақтөбеліктерге осы талаптарға сай тағы 7 мектеп есігін айқара ашады. Оның сыртында биыл 5,7 млрд теңгеге 22 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден, оның 7-і ренновациядан өткізілді. Сонымен бірге: 

Нұргүл Бертілеуова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Биыл 1,7 млрд теңге бөлініп, Ақтөбе облысындағы білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасы нығайтылды. Оның ішінде 56 ауыл мектебі модернизациядан өтті. 59 мектеп пәндік кабинеттер алып жаңартылды. 

Айта кету керек, соңғы 5 жылдан бері жиыны 282 мектеп қайта жаңғыртудан өткен. Бұдан бөлек биылғы Жұмысшы мамандықтар жылына орай 9 кәсіптік білім беру ұйымының материалдық техникалық базасы 900 млн теңгеге жаңғыртылып жатыр. 

Берік Дүйсенбай