Мектептерде адалдық тақырыбына тәрбие сағаттарын жиі өткізу ұсынылды

  • 36
  • 10.12.2025, 18:49

Көкшетауда «Адал білім – адал ұрпақ» атты өңірлік форумында осындай бастама көтерілді. Жиында «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды. Қазір аймақтағы барлық мектепте адалдық сағаты өтеді. «Бұл жоба оқушының құқықтық мәдениетін арттырып, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру үшін қажет»,–  дейді мамандар.  

Тілеукен Ахметбеков, Красный Яр ауылы №1 орта мектебінің директоры:

-Адалдық сағаттарын өткізудегі басты мақсат – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру. Әрине  мектебімізде бұл бағытта түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде сынып сағаттарында не болмаса мынау әдеби шығармаларды талдау кезінде, оларды оқыту кезінде біз адалдық тақырыбын міндетті түрде қозғап, балалардың бойынша барынша сіңіруге тырысып жатырмыз.