Әр мемлекет озық ойлы азаматтарды шақырып, қоғам игілігіне пайдалануды көздейді. Ал қазақстандық 500-ге жуық ғалым шет елдерде еңбек етіп жүр. Ғылыми орталықтар мен зертханаларда жұмыс істейді. Бұл отандық мүдде тұрғысынан алғанда мемлекетке сын. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарды елге тартып, олардың әлеуетін пайдалануды тапсырған. Соңғы 5 жылда 50-ге тарта білікті маман Қазақстанға оралған. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан ІІ Халықаралық жас ғалымдар конгресінде айтылды. Айтулы жиынға 100-ге тарта ғалым шет мемлекеттерден арнайы келді.
Қуантар Әлиханов, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА ғылым орталығының директоры:
- Зертханаларды және қолайлы жұмыс орындарын дайындап беруіміз керек. Екінші әлеуметтік жағдайын, тұратын тұрғын үйі және шетелдік деңгейде жалақысы болуы керек. Үшінші оның ғылыми мектебі бар. Сол ғылыми мектепті қалыптастыру үшін жағдай жасау керек. Ол жерде нормативтік құжаттық актілерге өзгеріс енгізу керек. Негізі осы 3-4 мәселені шешетін болсақ, шетелден талантты жас ғалымдарды тартуға болады. Оған арнайы министрілктен концепция әзірленуде.
Мұхит Құлмағанбетов, Көз және көруді зерттеу орталығы кванттық оптика зертханасының меңгерушісі (Гонконг):
- Мен өзім Ұлыбританияда докторантура оқыдым. Одан кейін Канада және Гонконгта осы кванттық зерттеулермен айналысып, офтальмология саласына қандай технологиялары алып келе аламыз? Адамның соқырлығының алдын алу үшін қандай шешімдер қабылдай аламыз деген сияқты зерттеулерді соңғы кезде жасап жатырмыз.