Себебі Президент бастамасы жемісті болған. Атап айтқанда, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжіне биылғы оқу жылында мемлекеттік тапсырыс артқан. Бұрындары 450 талапкер грантқа түссе, биыл 550 бала тегін оқуға мүмкіндік алған. Жұмысшы мамандықтарын дұрыс насихаттау нәтижесінде жастардың аталған салаға деген сұранысы артқан. Бұдан бөлек, кәсіпорын мен колледж арасындағы халықаралық ынтымақтастық нығайып отыр.
Айнұр Сәрсенбаева, М. Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі директорының орынбасары:
- Биыл біз Қытай Халық Республикасының Чунь Синь білім қалашығымен көп жұмыстар атқардық. Оларға біздің колледждің студенттері барып, арнайы тағылымдамадан өтті. Сол Қытай Халық Республикасындағы көлік жүйесімен танысып келді. Өйткені көлік саласында мамандар дайындаймыз. Олар бізге келіп, енді соның нәтижесі ретінде осы жылдың қорытындысында біздің оқу-орнымыздан шеберхана ашайын деп жатыр.